Қазiр көрiңiздер
  • 18:30
    "Жетім жүрек" үнді телехикаясы каз

Статья

23/06/17

Нұр Сұңқар» байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жыл өткен сайын БАҚ қызметкерлері арасындағы танымдылығы артып келеді.

«Нұр Сұңқар» республикалық байқауының жыл өткен сайын БАҚ қызметкерлері арасындағы танымдылығы артып келеді. Жеңімпаздар партия қызметі, еліміздің саяси, экономикалық және рухани жаңғыруы, маңызды қоғамдық партиялық бастамалар, партияның жастар саясаты туралы үздік материалдары арқылы анықталды.

Байқау «Нұр Отан» партиясының, партия Төрағасының бұрынғы орын­басары Нұрлан Нығматуллиннің бас­тамасымен басталған болатын. Биылғы жылы байқаудың қарауына отандық бұқаралық ақпарат құралдарының 200 өкілінен 600-ден астам жұмыс түсіп, олар 8 аталым бойынша байқауға қатысты. Бұл жолғы байқауда Астана және Алматы қаласының журналистері ерекше бел­сенділік танытты. Байқауға материалдар барлық облыстардан түскен. Жеңім­паздардың есімдері құрамында елімізге белгілі журналистер, қоғам қайраткерлері бар байқау комиссиясының қорытынды отырысында анықталды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов жиналған журна­листерді келе жатқан төл мерекелерімен құттықтап өтті.
– Баспасөз болсын, интернет-портал немесе телевидение болсын әрқайсы­сының ақпарат таратып, халыққа мате­риал ұсынуында өз жанрлары бар. Олар­дың әрқайсысы көрермені мен оқырманы үшін пайдалы, серпінді ақпарат дайын­дауға жанын салады. Партияның жыл сайын журналистер күні қарсаңында олардың жүзден жүйрік шыққанын ма­рапаттауы қоғаммен тығыз қарым-қатынасын көрсетеді, – деді ол.
Байқау қорытындысы бойынша, «Елбасы бастамаларын халыққа түсін­діруге қосқан үлесі үшін» аталымын «РТРК Қазақстан» АҚ арнайы тілшісі Дулат Нуркин иеленді. «Партия қызметі туралы ең үздік материал үшін» аталымы Қарағанды облысындағы «Литер» газе­тінің тілшісі Айнұр Балакешоваға бұ­йырды. Айнұр Балакешова – газет ашылғалы бері «Литерде» қызмет етіп келе жатқан журналист. Заң ғылым­дарының кандидаты. Журналистикадағы жалпы еңбек өтілі – 15 жыл. Оның газет беттерінде жарық көрген материалдары шынайылығы, мәселелерді ашық көр­сететіні мен азаматтар құқығын қорғауға жәрдемдесе алатыны арқасында қоғамда резонанс туғызады.
Ол Президент бұйрығымен «Тәуел­сіздікке 20 жыл» медалімен марапатталған. Журналистикадағы жетістіктері үшін Қара­ғанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығын иеленген.
«Ерекше пікір» аталымында «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры Анар Карин­таева үздік телевизиялық журналист атанды. Анар Каринтаева Талдықорған облысы Қоғалы ауылында дүниеге келіп, оңтүстік астанада білім алған.
– Дипломат болуды армандап жүріп, ойламаған жерден журналистке айнал­дым. Жұмыста мәмілегерлік әдеп көп көмектеседі. Журналистика – өмірдің түрлі аспектілерін тануға мүмкіндік бере­тін сала. Жұмыста ең алдымен, жауапкер­шілікті, адамдардың бойынан адам­гершілік пен парасаттылықты баға­­лаймын, – деді ол.
Анар Каринтаева «Строительство и Архитектура» газетінде, «ТАҢ» телеком­паниясы мен «Қазақстан» ҰТА, «Астана» телеарнасы, KAZENERGY ассоциация­сында көптеген жылдар еңбек еткен.
2010 жылдан бері «Астана» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар директоры болып қызмет атқарады. Жалпы еңбек өтілі – 17 жыл.
Ол Президентінің, Парламент Мәжілісі мен Сенат өкілдерінің, «Қазақ­стан ҰТА-мен «Астана» телеарнасының алғыс хаттарымен марапатталған.
«Халық дауысы» аталымы «Хабар24» телеарнасының директоры Арман Сейіт­мамыттың қанжығасына байланды.
«Сөз шебері» аталымында «Егемен Қазақстан» газеті Мәдениет және руха­ният бөлімінің меңгерушісі Талғат Батырхан үздік журналист болды.
«Аймақ айнасы» аталымын «Казах­станская правда» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Евгений Ермаков пен «Семей таңы» газетінің басшысы Риза Молдашева өзара бөлісті.
«Ең үздік талдау бағдарламасы» аталымы «Хабар» телеарнасы кешкі жаңалықтар қызметінің бас редакторы, «Негізінде» бағдарламасының жүргізушісі Руслан Оспанға табыс етілді. «Медиа профи» аталымын Qamshy Media ЖШС директоры Нұрғали Нұртай мен baq.kz сайтының редакторы Ержан Жаубай бөлісіп, интернет басылымның үздік журналистері атанды.
Байқау жеңімпаздары болған сөз шеберлеріне ақшалай сыйлық берілді.

Көркем ӨМІРӘЛІ

https://aikyn.kz/2017/06/23/18227.html