Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Қарағандыда “ Amanat” партиясы 5 мыңға тарта “жайсыз” отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар табыстайды

29.12.2023ж. 20:00
688
Қарағандыда “ Amanat” партиясы 5 мыңға тарта “жайсыз” отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар табыстайды

Қарағандыда “ Қауіпсіз қоғам” кампаниясының жаңа жылдық рейд- акциясы басталды. “Жастар рухы” жастар қанатының белсенділері Қарағанды облыстық полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп “ жайсыз” және аз қамтылған отбасыларын аралады. Олардың арасында арнайы есепте тұрған ата- аналар да, балалар да бар. Полиция олардың тәртібін бақылауда ұстайды. Бүгін бүлдіршіндерге жақсы көңіл күй мен қуаныш сыйлау үшін Ақша қар мен Аяз ата кейпінде келді. "Amanat” партиясының Қарағанды облыстық филиалы мереке қарсаңында 5 мыңға тарта “жайсыз” отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар табыстамақ.

Арафат МӘЖІТОВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ “ ЖАСТАР РУХЫ” ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

Сыйлықтарды бізге демеушілер ұсынды. Бұл - тәтті сыйлықтар. Жаңа жылда әр бала оны күтеді. Аз қамтылған, жайсыз және арнайы есепте тұрған отбасыларына осылай қуаныш сыйламақпыз. Бұл акция 31- інші желтоқсанға дейін жалғасады.

Айгерім БОРАНБАЙ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ ЮПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

“Amanat” партиясымен бірлесе отырып профилактикалық есепте тұрған балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтадық. Снегурочка костюмінде Ақша қар мен Аяз ата болып барып құттықтағымыз келіп отыр. Жаңа жылдық бір көңіл күй сыйлаймыз балаларға. Формада көргеннен көрі осындай костюмда көрсе көңілдері көтеріледі балалардың.”.