Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жапонияда ұшақтардың соқтығысуы кезінде бес адам қаза тапты

AstanaTV
03.01.2024ж. 04:27
576
Жапонияда ұшақтардың соқтығысуы кезінде бес адам қаза тапты

Жапония астанасы Токия қаласының әуежайында екі ұшақтың соқтығысуы нәтижесінде бес адам қаза тапты. Олардың барлығы жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшесі болып шықты. Ұшақ апатында әуе кемесінің пилоты ғана тірі қалған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sky News-ке сілтеме жасап. NHK арнасының хабарлауынша, Japan Airlines ұшағымен соқтығысқан жағалау күзеті әуе кемесінің бортында болған алты экипаж мүшесінің бесеуі қаза тапқан. Ұшақ апатында тек әуе кемесінің капитаны ғана аман қалған.

Айта кетейік, бүгін, 2 қаңтарда Токионың Ханеда әуежайында Japan Airlines ұшағы өртке оранды. Ұшақ бортында болған 379 жолаушы мен экипаж мүшелерінің барлығы эвакуацияланды.

NHK жергілікті басылымы билік өкілдеріне сүйене отырып, Саппородан ұшып келген ұшақтың жапондық жағалау күзетінің әуе кемесімен соқтығысқанын хабарлады.