Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды

AstanaTV
10.01.2024ж. 08:20
583
Жапонияда 6 балдық жер сілкінісі болды

Жапонияның Ниигата префектурасында магнитудасы 6,0 балдық жер сілкінісі болды, цунами қаупі жоқ, деп хабарлайды Kazinform РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның бас метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, жерасты дүмпулері Ниигата префектурасына қарасты Садо аралының ауданында жергілікті уақыт бойынша сағат 17:59-да тіркелген.

Атап өткендей, қазіргі уақытта цунами қаупі жоқ. Сондай-ақ, зардап шеккендер мен қираулар туралы әзірге ақпарат түскен жоқ. Кейбір аудандарда жүрдек пойыздар қозғалысы тоқтатылды.

Естеріңізге сала кетейік, 1 қаңтарда Жапонияның орталық бөлігінде бірқатар жер сілкінісі болды.

Оларға «Ното түбегіндегі жер сілкінісі» деген атау берілді. Бұл катаклизм 1885 жылдан бері елдің бұл бөлігі үшін ең күшті болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, 1 қаңтардағы жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 202 адамға артқан.