Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде теріс бағытта жазба таратқандар іздестіріліп жатыр

AstanaTV
06.01.2017ж. 20:00
3541
Ақтөбеде теріс бағытта жазба таратқандар іздестіріліп жатыр

Ақтөбе облысында оқушылардың ғаламтордан не көріп, не таратып жүргендерін бақылау оңайға түсетін болды. Аймақтағы 240 мектепке қауіпті сайттарды анықтайтын арнайы сүзгі орнатылған. Жергілікті прокурорлар бұл бастаманың оң нәтижесі бар екенін айтады. Маусымдағы лаңкестік оқиғасынан кейін мектептерге бейнебақылау жүйесі орнатылып, арнайы бағдарламаға қауіпті сайттардың тізімі енгізіліпті.

Ақтоты Сұлтанова, Ақтөбе қаласы № 31 мектеп директорының орынбасары:


Қауіпсіз интернетке оқушылар өзге сайттарға кіре алмайды. Тек білім сайттарына ғана кіре алады. Ол әкімшілік тарапынан бақыланады. Ол оқушыларға да өте тиімді, мұғалімдерге де тиімді. Бала тіпті смартфонмен де кіре алмайды және бізде смартфон, қымбат телефон ұстауға тыйым салынды.

Соңғы бір ай көлемінде Ақтөбе облысының өзінде экстремистік бағыттағы қауіпті аудио және бейнежазбаны әлеуметтік желі алқылы бөліскен үш адам сотталды. Тыйым салынған сайттарға кіріп, белсенділік танытқан, әлеуметтік желіде қауіпті жазбалар таратқан азаматтарды жазаға тарту жалғаса бермек.

Бекжан Қараманов, Ақтөбе облыстық прокуратурасының басқарма бастығы:

Жұмыс тобының атқарған жұмысы нәтижесінде Ақтөбе қаласында террористік бағыттағы 442 бейнематериал анықталған. 43 бейне бұғатталды. 263 интернет-ресурстары әкімшілерімен жойылды. 22-не қолжетімділік шектелген.

Бүгін сондай-ақ, террористік топ құрып, Ресей аумағында лаңкестік жасамақ болған 7 ақтөбелікке сот үкім кесті. Олардың екеуі - оқушы. Құқық қорғаушыларға шабуыл жасауды жоспарлағандар серіктестерін әлеуметтік желі арқылы іздеген. Бірақ ойлары жүзеге аспады. Сот оларды 6 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы ақпар облыстық соттың сайтында жарияланды.