Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Ақтөбеде теракт құрбандарына арналған мемориалдық тақта орнатылды

AstanaTV
10.01.2017ж. 20:00
2689
Ақтөбеде теракт құрбандарына арналған мемориалдық тақта орнатылды

Ақтөбеде өткен жылдың 5-інші маусымында болған лаңкестік оқиғада қаза болған әскерилерге арналған мемориалдық тақта орнатылды. Шараға марқұмдардың тума-туыстары арнайы келген. Майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы сарбаз Досбол Сапардың аты-жөндері ескерткіш тақтаға жазылды. Бұл жерде олар қаза тапқан соң мемлекеттік наградалармен марапатталғаны туралы да мәліметтер көрсетілген. Шымкенттен арнайы келген Досбол Сапардың әкесі: «Ұлымның ерлігін ел ұмытпайды, бастысы ондай оқиға енді болмасын», - деп тілейді.

Еркінбек Әбдіқадыров, Д.Сапардың әкесі:

Бала өте сабырлы бала еді. Асықпайтын. Байыппен қарайтын бәріне. Мынадай бейбіт заманда мұндай болады деп кім ойлады дейсің? Қазір барлық нәрсе жеткілікті ғой. Енді амал жоқ, қайтемін енді...

Шара барысында лаңкестерге тойтарыс беруге қатысқан сарбаздарға «ҚР Құқықтық тәртіп әскеріне - 25 жыл» кеуде белгісі табысталды.