Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда сауда үйінен өрт шықты

AstanaTV
08.03.2024ж. 16:28
570
Алматыда сауда үйінен өрт шықты

Алматыдағы «Жібек жолы» сауда орталығында өрт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түрксіб ауданының Сейфуллин көшесінде болған өрт туралы хабарлама ТЖД өкілдеріне сағат 11:50-де түскен.

Өрт сөндірушілер төрт қабатты «Жібек жолы» сауда орнының 4-қабатында орналасқан әкімшілік кабинетінің техникасы, жиһазының жанып жатқанын анықтаған.

Өртті барлау және сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарымен келушілерді эвакуациялау ұйымдастырылып, өртке қарсы автосатыры орналастырылды, өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршап алды, - делінген мәліметте.

Атқарылған шаралармен өрт 12:13-те оқшауланып, 12:21-де жойылды.