Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде оқушыларды ауданға олимпиадаға жеткізбек болған мұғалім бес жылға сотталды

12.03.2024ж. 20:00
297
Ақтөбеде оқушыларды ауданға олимпиадаға жеткізбек болған мұғалім бес жылға сотталды

Ақтөбеде олимпиадаға бара жатқан мектеп оқушылары мен мұғалім қаза болған жол апатына қатысты сот үкімі шықты. Көлік тізгіндеген 25 жастағы мектеп мұғалімі бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қайғылы оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Ырғыздың Жаныс би ауылынан бес оқушы және олардың екі ұстазы аудан орталығына олимпиадаға қатысуға жолға шығады. Олардың көлігі жүк көлігімен соқтығып, екі оқушымен бір мұғалім оқиға орнында қаза тапты. Қайтыс болған баланың бірі -көлік тізгіндеген мұғалім жігіттің туған қарындасы.

Жандос ШАМШАДИН, СОТТАЛУШЫ:

Мен алдында жәбірленуші ата-аналардан кешірім сұрадым ғой. Сот мырза сізден де кешірім сұраймын. Енді осы Алла тағала берген сынақты жүрегіме өмірбақи таңба қылып салып берді. Сіздің жазаңызды тыңдауға дайынмын. Қолыңыздан келгенше жеңіл жаза беруіңізді сұраймын.

Нұрлан БАҚТЫҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АУДАНАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР ЖӨНІНДЕГІ СОТ СУДЬЯСЫ:

Жандос Сайранұлы Шамшадинов ҚК 345 бабы 4 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жеті жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыра отырып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Шамшадинге жаза өтеу орны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде тағайындалсын.