Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб құрылып, үздіксіз жұмыс режимі енгізілді

AstanaTV
17.03.2024ж. 09:00
575
Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб құрылып, үздіксіз жұмыс режимі енгізілді

Ақтөбеде су тасқынына қарсы штаб құрылып, үздіксіз жұмыс режимі енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе қаласында қазіргі кезде су тасқынының алдын алу жөніндегі штаб жұмысын бастады. Қар шығару жұмысы әлі де жалғасып жатыр.

Су тасқынына қарсы штабтың байланыс нөмірлері:

+ 7132-41-09-27

+ 7132-41-15-29

+ 7 (708-51) 1-71-95

+ 7 (700-73) 0-60-96

Жұмыс 24/7 режимінде жүргізіледі. Қаланың әр бөлігінде еріген қар суын төгуге арналған арнайы учаскелер бар.

«Сондай-ақ 109 нөміріне қоңырау шалу керек. Су айдау немесе инертті материалдарды жеткізу хабарламасын комиссия тексеріп, содан кейін ғана көмек беріледі. Көпқабатты үйлердің аула аумағының жай-күйіне үйлерге қызмет көрсететін мекемелер жауапты», - деп хабарлады Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.