Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

AstanaTV
19.03.2024ж. 10:01
625
Алматы прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық банкке қайтарып берді

Алматы қаласының прокурорлары 960 гектар жерді Ұлттық Банктің пайдасына қайтарып берді. 

Алматы қаласы прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде "Capital Bank Kazakhstan" АҚ мен "AsiaCreditBank" АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

"Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден астам болды. Прокуратура Ұлттық банк мүддесіне, жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді", - делінген хабарламада.

Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімімен Алматы қаласы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды. Сот алқасының қаулысымен сот актісі өз күшінде қалдырылды.