Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Жетісу облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

AstanaTV
23.03.2024ж. 18:35
528
Жетісу облысында жол апатынан төрт адам мерт болды

Ақсу ауданындағы Алматы-Өскемен тас жолының 336-шақырымында жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Алдын ала болжам бойынша Lada Priora жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota Windom көлігімен соқтығысқан.

Оқиға салдарынан Lada Priora жүргізушісі, оның екі жолаушысы, сондай-ақ Toyota Windom көлігінің бір жолаушысы қаза тапты. Зардап шеккен бес адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы, қаза тапқандар мен зардап шеккендердің жеке тұлғасы анықталып жатыр.

Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптама тағайындалды.