Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Алматы-Екатеринбург» тасжолында жол апаты болып, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді

AstanaTV
25.03.2024ж. 09:08
1062
«Алматы-Екатеринбург» тасжолында жол апаты болып, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді

«Алматы-Екатеринбург» автожолының 794 шақырымында жеңіл автокөлік аударылып, бес ересек адамға және бір балаға шұғыл көмек көрсетілді, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Жол апаты орнында зардап шеккендерге Қарағанды облысының Медициналық апаттар орталығының «Ақшатау» ТМҚК шұғыл әрекет ету бригадасы шұғыл көмек көрсетті.

«Дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын орташа ауырлық дәрежесі ретінде бағалайды. Бір ересек адамға ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ, қалған науқастар Шет ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - делінген хабарламада.