Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Алматыда қарумен жүрген ер адам ұсталды

AstanaTV
27.03.2024ж. 18:27
836
Алматыда қарумен жүрген ер адам ұсталды

Алматыда көше ортасында қару ұстап жүрген ер адам жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желіде екі ер адамның видеосы шықты. Олардың бірі қару ұстап жүрген. Олар видео авторын балағаттап, видеоға түсірмеуді сұрады. Осыдан соң оқиға орнына полицейлер келген.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша тексеріс басталғанын хабарлады.

«А. есімді азаматтың қолында пневматикалық мылтық болғаны анықталды. Оған қатысты ұсақ бұзақылық дерегі бойынша әкімшілікі хаттама толтырылды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.