Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

Өскеменде алып қыз бала дүниеге келді

AstanaTV
02.04.2024ж. 17:01
355
Өскеменде алып қыз бала дүниеге келді

Өскемен қаласында алып қыз бала дүниеге келді.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Ана мен бала орталығында кіндігі кесілген шақалақтың салмағы – 6 келі 180 грамм, бойы 57 – см. Қыз баланы анасы табиғи жолмен босанған.

«Осымен төртінші баласын дүниеге алып келген әйел 33 жаста. Мұндай жағдай облыс қана емес, республика көлемінде сирек кездеседі. Шақалақтың да, анасының да жағдайы жақсы», – дейді босандыру бөлімінің меңгерушісі Жадыра Дюсупова.

Бұл биыл өңір көлемінде туған тұңғыш алып бала. Ал Өскемендегі Ана мен бала орталығында осы жылдың 3 айында дүниеге келген ең кішкентай баланың салмағы – 730 грамм. Қазір ол Реанимация және интенсивті терапия орталығына жатқызылған.