Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Сейсмология институтын Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы бастама көтерілді

Сейсмология институтын Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы бастама көтерілді

«Біз сейсмологтардың жұмыс істеуіне жағдай жасауымыз керек». «АМАNАТ» партиясының мүшелері Алматыдағы сейсмикалық станцияларға мониторинг жүргізу барысында осындай пікір білдірді. Олар Медеу станциясын аралап, Сейсмология институтының ұжымымен кездесті. Ондағы жұмыс аудиторларды қанағаттандырмады. Нысандар ұзақ уақыт бойы жөндеу көрмеген, біраз қаржыны талап етеді.

Дәулет СӘРСЕНБАЕВ, СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

2022 жылдан бастап Алматы қаласының әкімдігі біздің ғылыми орталыққа қолдау көрсетіп келеді. Сол жылы екі жабық сейсмикалық станцияның күрделі жөндеуі үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 35 млн теңге бөлінді. Олар 2012 жылдан бері жабық. 2023 жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен 500 млн теңгеден астам қаржыға 11 сейсмикалық станцияға сейсмологиялық құрал-жабдықтар сатып алынды.

Бұл инвестиция жеткіліксіз. Одан да ауқымды өзгерістер қажет, дейді депутаттар. Олар Сейсмология институтын Төтенше жағдайлар министрлігінен Ғылым және жоғары білім министрлігіне беру туралы бастама көтерді.

Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ауыстырса бұл үлкен жеңіс. Себебі әр жылдар бойы мұны сейсмологтар оны күтіп отыр. Біріншіден, ғылыми институт. Ал сейсмологтар ол – ғалымдар. Екіншіден, сейсмологтардың қаржыландыру жүйесін өзгерту керек.