Спорт Қазақстан
$441.44 €473.09 ₽4.75
×

Дубайдағы нөсерге байланысты елге қайта алмаған қазақстандықтар бүгін оралады

AstanaTV
17.04.2024ж. 12:33
275
Дубайдағы нөсерге байланысты елге қайта алмаған қазақстандықтар бүгін оралады

Дәл қазір 289 қазақстандық елге қайта алмай Дубайда отыр. Air Astana әуе компаниясы Дубайдан ұшатын рейстерге қатысты соңғы ақпаратты жариялады.

Дубайда  15 сәуір күні кешке басталған жаңбыр толастаған жоқ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Дубай халықаралық әуежайында кем дегенде 17 тұрақты рейс тоқтатылған. Рейстің тоқтатылуы, кешігуі және бағытын өзгерту күні бойы тіркеліп жатыр.

Бірқатар қалаларда қоғамдық орындарға баруға тыйым салынып, кей бағыттар бойынша теңіз көлігі және автобустар қозғалысы тоқтатылған.

Әуе айлағын су басуына байланысты кешегі Дубай-Астана және Дубай-Алматы KC206 және KC898 рейстері Дубай уақытымен бүгін, 17 сәуірде тиісінше сағат 10.30 және 13: 10-да ұшады деп жоспарланған. 

«Жолаушыларды терминалға орналастырып, оларға тамақ, сусын және жамылғы бердік» дейді компаниядан.