Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

БҚО-да тасқынмен күреске 10 000 адам жұмылдырылды

22.04.2024ж. 20:00
268
БҚО-да тасқынмен күреске 10 000 адам жұмылдырылды

Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзені қауіпті деңгейден асып, Орал қаласының айналасындағы саяжайлар суға кетті. 30 шақты адам эвакуацияланды. Өңірде 1 300 үйді су басты. Арнайы құрылған комиссия шығынды бағалау үшін бүлінген баспаналарға техникалық сараптама жүргізген. 276 үйдің тұруға жарамсыз екені анықталды. Ендігі міндет - саяжайдағы шығынды анықтау. Бау-бақша салатын жерден тұрғызылған 13 мыңнан астам үй суға кеткен. 

 Қалияр АЙТМҰХАМБЕТОВ, БҚО ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 5000 астам арыз-шағымдар түсті. Оларға төлеу басталды. Комиссия арқылы өтеді де, төлей береміз. Егер де үй иесінің өзінің толыққанды құжаттары болса саяжайға, ол әрине үй салынады. Бірақ екінші мәселе ол үй сонда салына ма, басқа жерде салына ма оны уже комиссия қарайды. Топографиялы зерттеу жасайды. Қорытынды жасағаннан кейін сол жерге саламыз не басқа жерге саламыз. Шешім қабылданады.

Оралды тасқыннан қорғау үшін еліміздің басқа өңірлерінен тағы 500 әскери қызметші мен құтқарушы жұмылдырылмақ. Өйткені тасқынның ұзаққа созылуы мүмкін. Осыған байланысты вице-премьер Қанат Бозымбаев су басу қаупі бар аумақтағы бөгеттерді тағы бірнеше метрге көтеруді тапсырды. Бүгінде Жайық бойындағы елдімекендерде ұзындығы 135 шақырым бөгет салынған. Бұл іске 10 мыңға тарта адам жұмылдырылыпты. Дегенмен мамандар жағдайдың тұрақталып келе жатқанын айтады. Олардың дерегінше Жайықтың жоғары жағындағы су қарқыны бәсеңдепті. {СНХ}

Рауан Құсайынов, «Қазсушар» РМК БҚО филиалы директорының міндетін атқарушы:

- Орал қаласы бойынша судың деңгейінің көтерілуі әлі де болса, бір-екі күнге жалғасатын болады. Су деңгейі судың ең биік шыңына жетіп, әрі қарай біртіндеп төмендейді. Судың түсуі төмендеуі біртіндеп жалғасатын болады. Бау-бақша серіктестерінің тұрғындары жақын арада өз үйіне кіре алмайды. Әлі де болса оған 10-15 күндей уақыт керек болады.