Спорт Қазақстан
$441.66 €475.14 ₽4.86
×

Павлодарда тасқыннан 120 отбасы зардап шеккен

24.04.2024ж. 20:00
193
Павлодарда тасқыннан 120 отбасы зардап шеккен

Павлодар облысында тасқыннан 120 отбасы зардап шеккен. Оларға мемлекет тарапынан 98 млн. теңге өтемақы төленді. Бұдан бөлек үйі жарамсыз болып қалған Жалаулы ауылындағы 5 үйдің тұрғындарына жаңа баспана салынып жатыр. Алдағы 3 айда пайдаланылуға беріледі. Бұған демеушілік есебінен 110 млн. теңге бөлінген. Ал Шарбақты мен Тереңкөл аудандарындағы қираған 2 үйдің орнына басқа баспана сатып алынды. Өзге дүние мүліктің де шығынын өтеп беру қарастырылған. Арнайы құрылған комиссия тасқынан келген шығын көлемін 208 млн. теңге деп бағалады. Оның тең жартысына жуығы ғана қазына қаражатынан төленген. Қалған шығындарды ірі компаниялар өз мойнына алған.

Дидар ИБРАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Наурыз айының аяғында облыс әкімінің төрағалығымен өткізілген кеңесте бірқатар аудан мен қала әкімдері су тасқынына дайындық жұмыстарын керекті деңгейде өткізбегені үшін тәртіптік жазаға тартылды. Осы су тасқыны кезеңі өткеннен кейін біз қызметтік тексерістер өткізіп, кім қандай лауазымды тұлға өз жұмысын дұрыс жасаған жоқ. Облыс әкімінің шешімімен бірқатар лауазымды тұлғалар жауапқа тартылады.