Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Қазақстанға есірткі заттары мен прекурсорларды тасымалдамақ болған контрабандалық 42 жағдай тіркелді

26.04.2024ж. 20:00
106
Қазақстанға есірткі заттары мен прекурсорларды тасымалдамақ болған контрабандалық 42 жағдай тіркелді

Жыл басынан бері Қазақстанға есірткі заттары мен прекурсорларды тасымалдамақ болған контрабандалық 42 жағдай тіркелді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Сондай-ақ жалпы көлемі 2,1 млн АҚШ долларын шегарадан шығармақ болған 52 заңсыз әрекет анықталды. Енді заттардың құнын кедендік бақылау бұрынғы тәртіппен жүргізіледі. Яғни жеке тұлғалар үшін әуе тасымалынан басқа көліктің барлық түрімен немесе жаяу затты салықсыз әкелу нормасы 500 еуро болса, тасымалдаушы немесе халықаралық пошта арқылы келетін заттар 200 еуродан аспауы керек.

Қуат ҚАЛДАШЕВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

2024 жылдың 1 сәуірінен бастап ілеспе немесе ілеспе емес багажда әкелінетін заттың салмағы мен бағасы нормадан асса тауар құнының 30 пайызы төленеді. Ал тасымалдаушы немесе халықаралық пошта жөнелтімдері үшін нормадан асса салық құны 15 пайыз. Кеден одағының кедендік шегарасы арқылы жеке тұлғаның өту және оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 реттен аспауға тиіс.