Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ішімдікті ең көп ішетін жасөспірімдер Британияда тұрады

AstanaTV
27.04.2024ж. 11:19
491
Ішімдікті ең көп ішетін жасөспірімдер Британияда тұрады

Әлемде ең көп ішімдік ішетін жасөспірімдер Ұлыбританияда. Бұл туралы 24 КZ  хабарлайды.

Мұнда жеткіншектердің жартысынан астам 13 жасында алкогольдің дәмін татып көрген екен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу нәтижесі осыны көрсетіп отыр.

Жаман әдет әсіресе ауқатты отбасы балаларының арасында кеңінен тараған. Өйткені олар шарап ішетін ата-анасының қылығын жиі қайталайындарын айтқан.

Жалпы, мамандар 44 елдегі жағдайды салыстырған. Ұлыбритаиядан бөлек ішімдік ішетін жеткіншектер Венгрия мен Румынияда да көп болып шықты.