Спорт Қазақстан
$439.4 €473.54 ₽4.76
×

Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды

AstanaTV
28.04.2024ж. 14:25
307
Мамырдағы демалыс күні ауыстырылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі демалыс күні 4 мамырдан 8 мамырға ауыстырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еңбек министрлігі демалыс күнін 2024 жылғы 4 мамырдағы сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстыру туралы бұйрықты бекітті.

Бұл жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында жасалған.

Осылайша қазақстандықтар 7, 8 және 9 мамырда қатарынан демалады. Ал сенбі 4 мамыр жұмыс күні болады.