Спорт Қазақстан
$440.9 €475.95 ₽4.82
×

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды

AstanaTV
29.04.2024ж. 11:39
705
Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды

Республика бойынша 38 521 адам өз үйлеріне оралды. 6 726 адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан. Су тасқыны бастағалы бері 12,9 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 7 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ТЖМ өкілі Асқар Шәріп мәлімдеді.

Атырау облысында Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жүргізілуде.

«Су тасқыны жағдайының мониторингі дронның көмегімен жүзеге асырылады. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 500 км астам бөгет салынды. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 207 мыңнан астам текше метр су сорылды», - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Қарағанды облысынан Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарына көмекке барған Қорғаныс министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда.

Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімінің күштері Ақтөбе облысында жалпы ауданы 403 гектар су басқан аумақтарда дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.