Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Қызылордада әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті

Қызылордада әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысы өтті

Бүгінде білім беру жүйесін трансформациялау, білім сапасын жақсартып, педагогтардың біліктілігін арттыру өзекті мәселе. Бұл орайда білім берудің жаңа тәсілдерін енгізу де маңызды. Сонда ғана бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік тумақ. Бұл туралы Қызылордада өткен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің көшпелі отырысында сөз болды.

Мемлекет басшысы Жолдауында білім саласына ерекше көңіл бөліп, жүйені жетілдіруді тапсырды. Балалардың қауіпсіздігі, құқығының қорғалуы да басты назарға алынуы керек деді. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу де өзекті. Бұл жүйені транспормациялаудың негізігі тетігі дейді жиынға қатысушылар.

Нұртөре ЖҮСІП, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Білімді, тәрбиелі, ұлттық құндылықтарымыздың негізінде тәрбиелеу деген өте өткір және өзекті. Білім беру жүйесі деген қоғамға, оның қажеттіліктеріне, оның әлеуметтендірілген тұлғаға қоятын талаптарына сәйкестендіру, мақсатты, нысаналы түрді ұйымдастырылатын жұмыс.

Саладаға басты мәселелерді шешу үшін білім беру жүйесін жетілдіру және оны әлемдік стандарттарға жеткізу маңызды. Бұл орайда, бірінші кезекте педагогтартар мен мектеп басшыларының білім деңгейін арттыруға көңіл бөлінуде дейді сала мамандары.

Қаныбек ЖҰМАШЕВ, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ ОРТА БІЛІМ БЕРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сапалы білім беруде педагогтардың жұмысын жандандыру және ынталандыру үшін маңызды тетіктер педгогтардың біліктілігін, сапалық құрамын, басқару менеджменті, ұстаздардың жалақысын арттыру болып табылады. 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы біліктілігін арттырудан өткен педагогтардың саны еселеп өсті.

Саладағы түйткілдің түйінін тарқату аймақта да күн тәртібінен түскен жоқ. Облыс бюджетінің 41 проценті білім саласына бағытталады. Бұл соңғы екі жылда қаржының 27,9 процентке өскендігін көрсетеді. Соған сай үш ауысымды мектептерді жою, білім ордаларына қосымша ғимараттар салу мәселесі кезең-кезеңімен шешімін табуда. Жаңа құрылыстар да қарқынды бой көтеріп жатыр.

Нұрлыбек НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Өткен жылы өңірде 1170 орындық 4 мектеп, жыл басында 550 орындық 2 мектеп ел игілігіне табысталды. Биылғы жылы жаңадан 15 мектеп және де 4 мектепке қосымша құрылыстар салынып, жаңа оқу жылында пайлануға беріледі. «Жайлы мектеп» ұлтты жобасы аясында 12 300 орынды құрайтын 21 мектеп салынуда.

Білім беру жүйесін жетілдіруге де күш салып жатырмыз дейді сала басшылары. Мәселен, бүгінде бүлдіршіндердің балабақшаға бару көрсеткіші арнайы платформаның көмегімен бақылауға алынған. Бұл бөбекжайларға балаларды тек құжат жүзінде тіркеудің жолын кесуде. Соның нәтижесінде 3 млрд теңгеден аса бюджет қаржысы үнемделген.