Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

«AMANAT» жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

29.04.2024ж. 20:00
238
«AMANAT» жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті

«AMANAT» жанындағы білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда партияның медицина саласындағы сайлауалды бағдарламасының іске асырылуы талқыланды. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау аясында әзірленген Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға қол қойғаны белгілі. Заңмен медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру енгізілді, сондай-ақ дәрігерлерге мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұрған балаларына басымдық беріледі. Бұдан басқа, ауылдық жерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген аса тапшы мамандықтардың ішіндегі медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлем ұсынылады. 

Дәулет КӘРІБЕК,   «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мәселелер бәрімізді алаңдатады. Азаматтардың саулығы – ұлттың саулығы. Сондықтан партия сайлауалды бағдарламасында медицина саласына айрықша басымдық бергенін білесіздер. Жақында заң жобасы қабылданып, Мемлекет басшысы қол қойды. Партия денсаулық саласындағы барлық мәселелердің жүйелі шешілуін үнемі бақылауда ұстайтын болады.