Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Қызылжарға Жетісу облысынан 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

29.04.2024ж. 20:00
584
Қызылжарға Жетісу облысынан 40 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Тасқыннан зардап шеккен қызылжарлықтарға халық әлі де көмек қолын созып жатыр. “AMANAT” партиясының Жетісу облыстық филиалы екі фура гуманитарлық көмек жинап, теріскейге жеткізді. Жүк көліктерінде азық-түліктен бөлек, төсек орын, етік, қайық, күрек пен басқа да құтқару құралдары бар. Жалпы, соңғы бір айдың көлемінде Қызылжар өңіріне мың тоннадан астам көмек көрсетілген. 

 Елдос АЛПЫСБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСТЫҚ "ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ” КММ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бүгін елімізде болып жатқан жағдайға байланысты Жетісу облысы қалыс қалып жатқан жоқ. Бүгін облыс тұрғындары атсалысып, бір жағадан бас бір жеңнен қол шығарып, көмектерін көрсетіп жатыр. Қазір 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек алып келінді Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға.