Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

AstanaTV
29.04.2024ж. 19:45
192
13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен 13 мыңнан астам отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.

«Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп келеді. Бүгінгі таңда 22 475 өтінім қабылданды.
Биылғы 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 4,8 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті», - делінген хабарламада.

524 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Келтірілген шығынды өтеу жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің қатаң бақылауында.