Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қызылордада «Тең мүмкіндіктер» спорттық фестивалінің облыстық кезеңі мәреге жетті

Қызылордада «Тең мүмкіндіктер» спорттық фестивалінің облыстық кезеңі мәреге жетті

Қызылордада «Тең мүмкіндіктер» спорттық фестивалінің облыстық кезеңі мәреге жетті. Оған қала мен аудандардан алдын ала іріктелген 34 команда қатысты. Олар «Біз жеңімпаз боламыз» және «Жеңіл атлетика» кезеңдері бойынша бақ сынады. Түрлі қашықтыққа жүгіру, секіру және эстафеталық ойын түрінде өткен фестиваль тартысты әрі қызықты өтті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайыс «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған

Ләйлә ТӨРЕШОВА, «AMANAT» ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл шараның мақсаты- бұл ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге олардың құрдастарының арасында жылы қарым-қатынас, достық байланыс орнату. Бұл шаралардың барлығы қазір республикалық деңгейде барлық жерлерде өтіп жатыр. Бүгінгі облыстық турдан жеңімпаз атанған командалар республикалық деңгейде өтетін шараларға жолдама алады.

Ерсұлтан ҒАЛЫМЖАНҰЛЫ, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ:

Маған өте қатты ұнады. Осы Аманат жарысына Қызылордағы келгеніме өте қуаныштымын. Арине барлығына спорт денсаулыққа жақсы. Жүгіруге жақсы.