Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті

Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті

Алматыда «Достық – баға жетпес байлық» атты кітап көрмесі өтті. Оған жиырмаға тарта баспадан мыңға жуық кітап қойылды. Шараны «AMANAT» партиясы мен Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі және «Ассамблея жастары» бірігіп ұйымдастырды. Көрмеде Қазақстанда тұрып жатқан этностық топтардың мәдениетін, тарихын, өмірін бейнелейтін түрлі материалдар ұсынылды. Мұнда жастардың отырып кітап оқуына барынша жағдай жасалған. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының «Отырар сазы» оркестрі шараны сүйемелдеп отырды. Жиын соңында кітапсүйер қауым арасында әдеби викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға «AMANAT» партиясы атынан кітаптар табысталды. 

Қуаныш ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Басты мақсатымыз -көпұлтты Қазақстанның халықтар достығы, еліміздің бірлігінің кепілдігі екенін таныту. Және әр адам осы өз ұлтының тілін, ділін, мәдениетін, тарихын біле отырып, өзге ұлттың да рухани байлығын сыйлау, құрметтеуге тәрбиелеу.