Спорт Қазақстан
$441.58 €480 ₽4.86
×

"Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі", - Е.Қарин

AstanaTV
02.05.2024ж. 20:20
386
"Синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі", - Е.Қарин

Парламент Ұлттық құрылтайда көтерілген бастамаларды жүзеге асыру аясында кезекті заң жобасын қарады.  Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин телергам каналында жазды.

"Мемлекет басшысы Атырауда сөйлеген сөзінде есірткі заттарын өндірген адамдардың жазасын барынша күшейтіп, мұндай әрекетті аса ауыр қылмыстарға теңестіруді ұсынды.   

Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда есірткінің, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы депутаттар әзірлеген заң жобасын мақұлдады.  

Заң жобасына сәйкес есірткі өндіруді және оны өткізуді ұйымдастыратын адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтіліп, өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ синтетикалық есірткінің құрамдас бөліктерінің заңсыз айналымына қатысты жауапкершілік енгізіледі. Бұл қадам астыртын есірткі зертханаларын анықтауға және олардың жолын кесуге мүмкіндік береді. 

Үкімет былтыр нашақорлықпен күресу және елімізде есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту үшін Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске қатысты кешенді жоспар бекіткен болатын. Мәжілісте қаралған заң жобасы осы бағыттағы жұмысты жандандыруға жол ашады", - деп жазды.