Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бір жүзігі облыс бюджетіндей. Криштианудың сүйіктісі қаншаға киінеді?

AstanaTV
03.05.2024ж. 07:00
246
Бір жүзігі облыс бюджетіндей. Криштианудың сүйіктісі қаншаға киінеді?

Португалия құрамасы мен саудиялық "Әл-Наср" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналдудың сүйіктісі Джорджина Родригестің бір образына қанша жұмсайтынын айтылды.

Тегі аргентиналық модель араб шейхтарынан еш жері кем емес сияқты:

Джорджинаның үстіндегі Stella McCartney брендінің бір көйлегі 1900 еуро тұрады екен. Le Silla брендінен алған аяқ киімі 400 еуро. Ал қолындағы қолтырауын терісінен тігілген Hermès бернділі сөмкесі 94 мың еуро екен.

Ал енді әшекейлері тіптен адам нанғысыз қымбат. Мәселен Сапфир мен брилианты бар сақинасы 800 мың еуро тұрады екен, бұл Криштің сүйіктісіне сыйлығы. Cartier брендінің жүзігі 700 мың еуро. Chopard брендінен сағаты 550 мың еуро екен. Қолындағы білезіктердің ортақ құны 300 мың еуроны құрайды.

Осының бәрін қосқандағы Джорджинаның бір образының өзі 2 500 миллион еуро шығарып тұр,-деп жазады msports.kz.