Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

"Абай болыңыздар": Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

AstanaTV
03.05.2024ж. 15:19
355
"Абай болыңыздар": Алматы тұрғындарына ескерту жасалды

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Өткен тәулікте ауа райының қолайсыздығына байланысты гидрологиялық ескерту жарияланды. 2-6 мамыр аралығында Алматы облысында қар көшкіні қаупі сақталады. Сондықтан қарлы беткейге шықпаңыздар, тауда абай болыңыздар", - деді хатшысы Алина Ысмағұлова ОКҚ-да өткен брифингте.

Сондай-ақ "Қазгидромет" өкілі елімізде сел жүру қаупі барын да атап өтті. 

"Мамырдан қыркүйекке дейін созылатын сел қауіпінің күшеюі кезеңінде "Қазгидромет" РМК Қазақстанның таулы аумақтарында жауын-шашыннан болатын сел қаупіне мониторинг жүргізеді. Күн сайын сел қаупі туралы бюллетень шығарылады. Ақпарат әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік уәкілетті органдарға беріліп, порталдарда жарияланады. Барлық дерек "Қазгидромет" сайтында қолжетімді", - деді ол.