Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Астанада ақылы көлік тұрағы көбейеді

03.05.2024ж. 20:00
117
Астанада ақылы көлік тұрағы көбейеді

Астанада ақылы көлік тұрақ саны көбейеді. Мамандар 7 мыңнан 10 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Ал бұған тұрғындар наразы. Тұрақтар қалтаны қағады дейді. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек тарқатып айтады.

Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ:

Жұмысқа келдім. Тұрақ ақылы болса да, ғимарат алды толған көлік. Мына жер бос екен осында қояйын. \машинадан түсемін\. Қазір сағат таңертеңгі 9 шамасы. Жұмысқа осы келгеннен кешкі 8 де бір-ақ шығамыз. Тұрақтың ақысы сағатына 100 теңге, сонда мен күніне кем дегенде 1000 теңге төлеймін.

Мен секілді көлігін қайда қоярын білмей жүргендер қаншама? Алдымен бәріміз ақы төлемейтін тұрақ іздейміз. Бірақ табаныңыздан таусылсаң да таппайсың. Құдды ол жердегі көлік қозғалмайтындай. Санаулы болғасын орын жетпейтіні түсінікті. Тіпті кейбір жерде ондай тұрақ жоқ. Қазір, елорда да 7 мыңнан астам ақылы тұрақ бар. Оның бәрінде бірдей арнайы белгі жоқ дейді тұрғындар. Содан күтпеген жерден айыппұл келетіне шағым айтты. Ақылы автотұрақты қолдайтындар санаулы.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Платный парковкалар бар который керек емес жерлер. Мысалға мынау Фавориттің парковкасы обична домның парковкасы. Маған сол жерден штраф келеді.
- Дұрыс болу керек.
Не себепті?
Дұрыс машина қояды да. Парковка болмаса платный дұрыс қоя алмайды.
- Алдырып тастау керек бәрің. Общм керегі жоқ бізге. Потому что қазір міне жолдың бойында тоқтап тұруым керек. Қалай тоқтап тұрам. Келеді суретке түсіреді кетеді. Штраф сосын.

Көпбалалы отбасыларға, ардагерлерге және полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметінің көліктері тұраққа ақы төлемейді. Оларға жеңілдік қарастырылған. Жалпы ақылы тұрақтан түскен қаржының 90 пайызы қалалық бюджетке құйылады. Ал, қалған 10 проценті компанияға тиесілі. Төлемдер мен айыппұлдардан жиналған қаражат жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады.

Шыңғыс ДОСЫБАЕВ, "ASTANA PARKING SPACE" ЖШС ДИРЕКТОРЫ:

Көліктердің аялдаған уақыты 5 минуттан асып кетсе, ол кезде тұраққа ауысады. Егер адамды жәй ғана түсіріп, не мінгізу керек болса, ақылы тұраққа ақша төлеу қажет емес. Тұраққа уақытылы ақшасын төлемегендер айыппұл арқалайды. Яғни, 3 айлықтық есептік көрсеткіш. Алғашқы 2 аптада 50 процент жеңілдік қарастырылған.

Айта кетейік, көлікті үйініңдің ауласына ғана тегін қоя аласыз. Ол үшін astanapark.kz сайтының «Тұрғындар» бөлімінде жеке дерегіңізді енгізіп, өтініш толтырасыз. Бүгінде 3 мыңнан астам адам осылай тұраққа рұқсат қағазын алған.