Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Екібастұздық ер адам қос азаматтығын 18 жыл бойы жасырып келген

AstanaTV
04.05.2024ж. 23:04
284
Екібастұздық ер адам қос азаматтығын 18 жыл бойы жасырып келген

Ол көрші елдің азаматтығын қабылдай тұра, ұзақ уақыт қазақстандық төлқұжатты пайдаланып келген. Кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылып, 369 мың теңге айыппұл арқалады. 

Жыл басынан Павлодар облысында 463 адамның ҚР азаматтығынан шығуы тіркелген. Оның 457-сі өзге мемлекеттің азаматтығы бар екені туралы өздігінен хабарлаған.

– Өзге мемлекетте азаматтығы бола тұра, қазақстандық құжаттарды пайдаланып келген 3 азамат анықталды. Тағы 11 тұлға басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Полицейлер біздің мемлекеттің азаматы бола тұра, 2006 жылдан көрші елдің төлқұжатын алып, әрі онысын жасырып келген Екібастұз қаласының тұрғынын да анықтады. Ол осы уақытқа дейін қазақстандық құжаттарды емін-еркін пайдаланған, - дейді Павлодар облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Дәулет Ысқақов.

Заң бұзған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 369 200 теңге сомасында айыппұл салынды.