Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Жетісу облысында полицейлер көлікті өртеген күдіктіні ұстады

AstanaTV
05.05.2024ж. 04:27
216
Жетісу облысында полицейлер көлікті өртеген күдіктіні ұстады

Талдықорғанның шағын аудандарының бірінде бейтаныс адам автокөлікті өртеп жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күдікті түнде көпқабатты үйлердің бірінің ауласында көлікке бензинді шашып, оны өртеп жіберген.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Талдықорғанның жедел уәкілдерімен бірлесіп, көлікті өртеген, бұрын сотталған 49 жастағы ер адамды ұстады", - деді полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.

Күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.