Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстандықтар енді Вьетнамға визасыз бара алады

AstanaTV
05.05.2024ж. 12:07
253
Қазақстандықтар енді Вьетнамға визасыз бара алады

Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойды. Енді  Вьетнамда 30 күн визасыз жүруге болады. 

Заң 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді.

travelpress.kz сайтының ақпаратынша, қазақстандықтар Вьетнамға визасыз кіруге, шығуға, ол арқылы жүруге немесе тұруға мүмкіндік алады.

Азаматтың төлқұжаты кемінде алты ай жарамды болуы керек.

Дәл осындай ережелер Қазақстанға келгісі келетін Вьетнам азаматтарына да қатысты.Елде жүру мерзімі шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек. Сіз әр 180 күн ішінде барлығы 90 күн бола аласыз. Қазақстандықтар Вьетнамда 30 күннен артық болғысы келсе, виза алу керек.