Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберілді

06.05.2024ж. 20:00
239
Қостанай облысына гуманитарлық көмек жіберілді

Қостанай облысындағы су басқан ауылдарға «Сауап» қайырымдылық қоры гуманитарлық көмек көрсетті. Тобыл өңіріне екі тоннадан астам азық-түлік жіберді. Қайырымдылық қоры дәл осындай гуманитарлық көмекті Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Орал облыстарына жіберген. Ас-ауқаттан бөлек 3000 мың қапшық, 100 күрек, арнайы киімдер болды. 

Абзал ҚАЗБЕК, КӘСІПКЕР:

Халықымыздың басына қиын-қыстау күн туған кезде шетқалып тұрмай көмегімізді тигізейік деген ниетпен осындай екі тоннадан астам азық-түлік жіберіліп жатыр. Осыған дейін құрылыс материялдарында жібердік. Судың деңгейінің төмендеуіне байланысты азық-түлік жіберіп жатырмыз.