Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қарағанды облысында бірнеше мектептің құрылысы дер кезінде аяқталмай қалған

06.05.2024ж. 20:00
133
Қарағанды облысында бірнеше мектептің құрылысы дер кезінде аяқталмай қалған

Қарағанды облысында бірнеше мектеп құрылысы дер кезінде аяқталмай қалған. Бұл мәселе «Amanat» партиясының бақылау комитетінің көшпелі отырысында талқыланды. Партиялық бақылау комитетінің мүшелері әр нысанның құрылысына тоқталды. Сондай- ақ халықтан жергілікті жерде қоғамдық бақылауды күшейтіп, депутаттарды қамшылауды сұрады. Бұқар жырау ауданына қарасты Атамекен ауылында бюджеттен қаржы дер кезінде бөлінбегендіктен былтыр пайдаға берілуі тиіс мектептің құрылысы әлі аяқталмаған. Балалар 80 жылдан астам уақыт бұрын салынған барак үйде оқиды.40 оқушы сиятын ғимаратта екі есе көп бала білім алады. Қарақаралы ауданының Талды ауылында да мектеп құрылысы кешеуілдеп тұр. Ерекше балаларға арналған арнайы мекеме салу жоспары да аяқсыз қалды. Белсенділер мұның барлығына жұмыстың дұрыс жоспарланбауы себеп болғанын айтады. Ендігі уақытта жол картасын жүзеге асыруға жергілікті депутат, атқарушы орган, тіпті орталық аппарат өкілдері мен қарапайым тұрғынға дейін бірлесіп атсалысуы тиіс, - дейді аманаттықтар. 

Арман ЕВНИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ:

Тыңғылықты жоспарлауға, оған орталық аппаратты тартуға, орталық мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндіктеріңіз бар. Олардың да кемшіліктері бар. Мұның барлығын 24/7 ережесінде кез келген нысанды амбулатория ма, жол ма, мектеп пе, аурухана ма, барлығын бақылауға болады.