Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Мәскеуге қалың қар түсті

AstanaTV
08.05.2024ж. 23:30
1250
Мәскеуге қалың қар түсті

Сәрсенбі күні сағат 10.00-де Мәскеуде қар түйіршіктері түріндегі жауын-шашын жауды. 

Ресейлік гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Мәскеудегі ауа температурасы 5-7 градус нөлден жоғары. Аспан ашық, кей жерлерде аздаған жауын-шашын жаууы ықтимал. 

Түнде қар, бұршақ жауады деп күтілуде. Яғни, 9 мамырда 3-5 градус нөлден жоғары болады деп болжанып отыр. Орташа мәндерден айырмашылығы – 11 градус. 

Ресей Федерациясының астанасы мен Мәскеу облысының әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ауа райы жағдайына байланысты рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы туралы ақпарат жоқ.