Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті

AstanaTV
09.05.2024ж. 22:45
337
Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті

Сүңгуірлер суға батқан азаматты кешеден бері іздеп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ол кеме палубасынан суға құлап кеткен.

Қайғылы оқиға туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«8 мамыр күні сағат 23.25-те Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына 102 операторынан Ертіс өзенінде кеме капитаны суға батып кетті деген хабар түсті. Оқиға Аққулы ауданының Шабар ауылы маңында болған. 9 мамырда оқиға орнына 4 сүңгуірші жіберілді. Бір тәулікте іздеу жұмыстары нәтиже бермеді. Іздестіру жұмыстарын су деңгейінің көтерілуі, қатты жел мен өзен ағыны қиындатып отыр. Ертең таң атысымен сүңгуірлер іздеу-құтқару жұмыстарын қайта жалғастыратын болады»,- деп хабарлады департаменттен.

Кеме «Қазақстан су жолдары» РМКК-ға тиесілі болған. Болжам бойынша, кеме капитаны палуба үстінде тұрғанда өзенге құлап, батып кеткен.