Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

AstanaTV
10.05.2024ж. 01:00
279
Batyrlargatagzym.kz порталы іске қосылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі batyrlargatagzym.kz порталын іске қосты.

Сайтта 100 мыңнан астам ардагер туралы мәлімет бар. Электронды портал былтыр пилоттық режимде өз жұмысын бастаған еді. Қазір оның функционалдық мүмкіндіктері артып, жиналған деректер бір жүйеге келтірілген.

Майдангерлер жөнінде қосымша ақпарат беру арқылы кез келген азамат жобаға өз үлесін қоса алады. Мәселен, тарихи фотосуреттер, тың құжаттар мен майданнан келген хаттарды ұсынуға болады. Қажетті ақпаратты алу үшін сайтқа ардагердің аты-жөнін, туған жерін немесе қызмет орнын енгізу қажет.

Бұл жоба – Қорғаныс пен Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, Мемлекеттік архивтердің, еріктілер мен азаматтық қоғамның бірлескен жұмысының жемісі.