Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

АҚШ-тың бірнеше штатында сұрапыл құйын көтерілді

AstanaTV
10.05.2024ж. 06:02
212
АҚШ-тың бірнеше штатында сұрапыл құйын көтерілді

АҚШ-тың орталық батысында сұрапыл құйын соқты. Өңірде нөсер жаңбыр жауып, екпінді жел тұрған.

Торнадо - Мичиган, Оклахома, Огайо және Теннеси тұрғындарына жайсыздық әкелді. Огайо штатының өзінде 8 мәрте құйын көтерілген.

Ал Теннесиде 22 жастағы бір жігіт қаза тапты. Ол отырған көлікке ағаш құлаған. Құйыннан ғимараттарға зақым келіп, электр желілері істен шықты.

Елдің ұлттық метерология қызметінің мәліметінше, орталық батыс пен оңтүстік аудандарда қолайсыз ауа райы апта соңына дейін жалғасады,-деп хабарлайды Қазақстан Телеарнасы.