Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

AstanaTV
10.05.2024ж. 07:52
232
Бүгін шайбалы хоккейден әлем чемпионаты басталады

Бүгін, 10 мамырда шайбалы хоккейден әлем чемпионаты жалауын көтереді. Дүбірлі дода 10-26 мамыр аралығында Чехияның Прага және Острава қалаларында өткізіледі.

Әлем чемпионаты элиталық дивизионы В тобында Қазақстан құрамасы Франция, Словакия, Латвия, Швеция, Германия, АҚШ және Польшамен сынға түседі.

Ал А тобында Канада, Финляндия, Швеция, Чехия, Дания, Норвегия, Австрия және Ұлыбритания шеберлік байқасады.

Бүгін А тобында Швейцария мен Норвегия, Чехия мен Финляндия кездессе, В тобында Словакия мен Германия, Швеция мен АҚШ ойнайды.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 11 мамырда Францияға қарсы өткізсе, бұл топтағы тағы кездесуде Польша мен Латвия мұз айдынға шығады.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін ойындар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.