Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Үкімет басшысы: Жамбыл облысындағы қуаңшылық қайталанбауы тиіс

AstanaTV
10.05.2024ж. 12:05
256
Үкімет басшысы: Жамбыл облысындағы қуаңшылық қайталанбауы тиіс

Үкімет басшысы Олжас Бектенов егін маусымының басталуына орай еліміздің оңтүстік өңірлерін сумен қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.

«Оңтүстік өңірлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі маңызды. Жамбыл облысында былтырғыдай жағдай қайталанбауы тиіс. Су ресурстары министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен және әкімдіктермен бірлесіп, еліміздің оңтүстік өңірлерінде, оның ішінде ұзақ мерзімді перспективада суармалы сумен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды тапсырамын», - деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Сондай-ақ Премьер-Министр Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктермен бірге егіс алқаптарын әртараптандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында жем-шөп дақылдарының қажетті көлемін егуді қамтамасыз етуі керектігін айтты.