Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Ақтөбеде жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

10.05.2024ж. 20:00
172
Ақтөбеде жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты

Ақтөбенің Ырғыз ауылы маңында екі көлік соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. ВАЗ автокөлігі мен бір бағытта келе жатқан МАН жүк көлігі соқтығысқан. Жеңіл көлікте Ырғыз ауданының адамдары болса, жүк көлігін шетелдік жүргізген. Жеңіл көлікте ерлі зайыпты мұғалімдер және 28 жастағы аудандық мәслихат депутаты болған.

Жандос ДЕРБІС, ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Жүргізуші 45 жастағы ер азамат Ырғыз аудандық ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Науқас хирургия бөлімінің жансақтау палатасына жатқызылды. Жүргізілген ем шараларға қарамастан науқас алған жарақатының өте ауырлығына байланысты. Науқас 10 мамыр таңғы 5.40 та қайтыс болды.

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері осы Самара-Шымкент тас жолында 15 жол-көлік апаты болып, 13 адам қаза тапқан.