Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Зейнетақы қорынан 50 млрд теңге теміржол саласына бөлінбек

AstanaTV
20.02.2017ж. 20:00
1972
Зейнетақы қорынан 50 млрд теңге теміржол саласына бөлінбек

2017 жылы Біріңғай зейнетақы қорынан теміржол машина жасау саласына 50 миллиард теңге ақша бөлінеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Рау мәлімдеді. Сол арқылы су жаңа үш мың вагон шығаралып, тасымал саласында туындаған сұрақтарды шешу көзделіп отыр. Сондай-ақ вице-министр құрылыс саласында компаниялардың отандық өнімге көңіл бөліп, қазақстандық компанияларға қолдау көрсету жағын ескертті.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Өткен жылы біз құрылыс үшін сырттан 600 тонна цемент сатып алдық. Маңғыстау облысындағы зауыт батысты тұтастай цементпен қамтуға қауқарлы. Болашақта ішкі нарықты отандық өніммен қамту керек.

Алқалы жиында сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев компанияның жүйесінде қайта құру болатынын жеткізді. Енді холдинг Елбасының тапсырмасы бойынша инвестиция тартуға басымдық беріп, қаржылық қызметтің бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істемек. Бұл қадам сондай-ақ холдингке еншілес компаниялардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жаңа құжат екінші наурызға дейін дайын болады.

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы:

Бизнестің жол картасы 2020 кәсіпкерлікті қолдау жобасы өз ісін жалғастырады. 2016-шы жылы мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде ірі жобаларға қаржы бөлу үшін холдинг Қазақстанның даму банкі арқылы Ұлттық қордан, руспубликалық бюджеттен және біріңғай ұлттық зейнетақы қорынан 295 миллиард теңге қаражат алған.