Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады

AstanaTV
09.03.2017ж. 20:00
3255
Наурыз мейрамында қазақстандықтар бес күн демалады

Биыл Наурыз мейрамына орай қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады. Премьер-министр жыл басында демалыс күндерін ауыстыру туралы қаулыға қол қойған. Сол құжатқа және Еңбек кодексінің ережелеріне сай, Наурыз мейрамының алдындағы сенбі, яғни 18 наурыз, толық жұмыс күні деп көрсетілген. Ал, 19, 20, 21, 22, 23 наурыз күндері демалыс деп белгіленді. Ал жұма, 24 наурыз - жұмыс күні. Осылайша, қазақстандықтар Наурыз мерекесіне орай бір аптаға жуық уақыт тойлайтын болады.