Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Майнерлер манера криптовалютасын табу үшін ғаламтор пайдаланушылар компьютерінің қуатын ұрлаған

AstanaTV
23.11.2017ж. 20:00
7817
Майнерлер манера криптовалютасын табу үшін ғаламтор пайдаланушылар компьютерінің қуатын ұрлаған

Майнерлер криптовалюта табу үшін қазақстандық компьютер қолданушыларды пайдаланып жүр. Бұл туралы Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының мамандары хабарлады. 25 сайт, оның ішінде Еуразия Ұлттық университетінің ресми сайтын қолданғандар компьютер қуатынан айырылып жатқан көрінеді. Диана Сапарқызы майнерлер махинациясын анықтауға тырысты.

Криптовалюта, майнер деген түсінікке құлағымыз үйренбей жатып, алаяқтар пайда болды. Криптовалютадан пайда табатын майнерлер ірілі-ұсақты 25 мекеменің сайтынан құрбандар іздегені анықталған. Егер Еуразия ұлттық университетінің сайтына жиі кіретін болсаңыз, демек сіздің де компьютеріңіздің қуаты пайдаланылған болуы мүмкін. Мұны мамандар компьютер қолданушыларды кибершабуылға тексерген кезде анықтаған.

Татьяна Новикова, Кибершабуылдарды талдау орталығының сарапшысы:

Тексеру кездінде 25 қазақстандық сайт майнерлердің құрбандары болды. Олар қазақстандық компьютер пайдаланушылардың барлық ресурстарын пайдалана отырып, майнингті іске асырып отырады. Олардың ішінде елімізге танымал Еуразия ұлттық университінің ену кз сайты мен ұлттық компания каталогының сайты Нурбиз,кз те бар. Яғни бұл сайт пайдаланушылардың есебінен манера монетасын тапқан.

Алайда, сайт мамандары бұдан бейхабар болып шықты. 

Артур, NASHSERVICE.KZ  сайтының менеджері:

Біз не болып жатқанын түсінбей отырмыз. Не мәселе болып жатқанынан да хабарсызбыз. Біздің сайтта қандай олқылықтар барын біз білмейміз. Тексеріп көреміз енді.

Әсел, AQL.KZ сайтының менеджері:

Біз бұл мәселені бірінші рет естіп тұрымыз. Сіздерден құлағдар болып отырмыз, расы керек.

Майнер сарапшылардың айтуынша, скрипт бағдарламасын енгізетін арнайы алгоритм бар. Комьютер қолданушысы сайтта отырғанда, олар ақырын ғана энергия сорады. Дәлірек айтсақ, компьютерлердің қосылып тұрғандағы қуатын пайдаланып, ақша табады. Бұл әдіспен криптовалютаның манера монетасын жинайтын көрінеді.  

Әділбек Шунгулов, майнер:

Бәрі оңай. Бұл жерде койнхав алгоритімін пайдаланып отыр. Оны сайтқа бағыттап, серверді бұзады. Сосын скриптті құрады. Сіз сайтта отырғанда, сіздің процессорларыңыз басқалар үшін ақша табады. Міне осылай ғана. Көбінесе койнхав нүкте ком, жава скриптті пайдалана отырып манера монетасын осылдардан табады.

Ресейде 9 мыңнан аса компьютер пайдаланушысы зардап шегіп, ал хакерлер 200 мың доллар пайда тауыпты. Ресейде бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған көрінеді. Ал Қазақстанда мұндай дерек алғаш рет тіркеліп отыр. Майнерлердің махинациясын анықтаған орталық 25 сайттың кибершабуылға ұшырағанын Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хабарлаған. 25 сайттың иелерін хабардар ету солардың құзыретінде болса керек.

Диана Сапарқызы, тілші:

Ал күнделікті компьютер қолданатындар кибершабуылдан қалай сақтана алады? Алдымен компьютерлеріңізде вирустардың жоқ екеніне көз жеткізу үшін толық тексеру қажет. Ғаламторға кіретін гугл хром, мазила секілді іздеу браузерлеріне сүзгі функциясын атқаратын бағдарламаны орнату керек. Ол майнерлердің әрекеттерін әшкерелеп, бұғаттап отырады. Мамандар кеңесі осындай.