Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

«Бәйтерек» ұлттық холдингі жемқорлық жүйелерден түбегейлі арылу үшін бірқатар шаралар қабылдады

AstanaTV
14.09.2018ж. 20:00
3745
«Бәйтерек» ұлттық холдингі жемқорлық жүйелерден түбегейлі арылу үшін бірқатар шаралар қабылдады

"Бәйтерек" ұлттық холдингі жемқорлық жүйелерден түбегейлі арылмақ. "Бармақ басты көз қыстылықтан" құтылу үшін бірқатар шаралар қолға алынған. Бұл туралы Холдинг пен Жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро мамандарының бірлескен жиынында белгілі болды. Ұлттық компанияда не өзгерді? Тілші тарқатады.

Жемқорлықпен күрес үшін Ұлттық компания мен Ұлттық бюро күш біріктірген. Холдингтің құзыреттілік орталығының кезекті отырысы шеңберіндегі бірлескен кездесуге "Бәйтерек" АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпхановтан бастап, холдинг пен оған еншілес компания жетекшілері түгел қатысты. Холдингте сыбайластыққа қарсы мәдениет қалыптастыру үшін бірқатар шаралар қолға алғаны белгілі болды.

Равиль Арыстанбеков, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ комплаенс-қызметінің жетекшісі:

Холдингте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жаңа нормативтік құжаттар қабылданған. Коррупцияға қарсы мәдениет қалыптастыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу бойынша сабақтар жүргізіліп отырады.

Ұлттық бюро заңнаманы бұзуға итермелейтін жағдайларды жою үшін шаралар қабылдауды ұсынған. Мұны құп алған Холдинг жемқорлыққа жол бермеу мақсатында  ішкі құжаттар мен бизнес-процестерге өзгерістер енгізді.

Асхат Жұмағали, ҚР МҚІСЖҚК агенттігі жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы тергеу департаменті жетекшісінің орынбасары:

Біздің мақсат - анықтап, жауапкершілікке тарту ғана емес, біз әшкере еткен заңбұзушылықтарды ескерту. Әрбір қызметкерге антикоррупциялық саясатты түсіндіру. «Бәйтерек» холдингі заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін үлкен жұмыс атқарды деп айта аламын. Жобаны іріктеу мен қаржыландыру тәртібін қоғамдық бақылау жүргізуге болатын механизм енгізді. Бірқатар бизнес процестер автоматтандырылды. Құжаттар қысқарды. Бұл адами факторларды азайту үшін жасалады.

Айта кетейік, "Бәйтерек" холдингі стратегиялық бағыттарды, соның ішінде халықты қолжетімді баспанамен қамтудан бастап, кәсіпкерлікті дамытуға, отандық экспортерларға қолдау көрсетеді.