Спорт Қазақстан
$441.41 €477.78 ₽4.84
×

Байқоңыр ғарыш айлағында түлкі серуендеп жүр

AstanaTV
17.09.2018ж. 20:00
2065
Байқоңыр ғарыш айлағында түлкі серуендеп жүр

Ғарышқа ұмтылған түлкі. Байқоңыр ғарыш айлағының құрастыру-сынақ корпусында жабайы түлкі жүргені белгілі болды. Оны айлақ қызметкерлері бейнетаспаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Бұл ерекше қорғалатын аумақ. Сондықтан күзет қатаң. Мамандар оның бірнеше бекеттен қалай өткенін түсіне алмай отыр.

Талғат Жүсіп, ҚР ғарыш саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:

Бұл «Союз» зымыран тасығышты құрастыру-сынақ корпусына өту үшін 3 бірдей күзет бекетінен өту керек. Құқық қорғау қызметкерлері, яғни Байқоныр кешенінің ішкі істер басқармасының бөлек батальоны. Сосын "Роскосмостың" ведомствоішілік күзеті. Ал корпусқа енгізілетін жабдықтардың өзі алдымен зарарсыздандырылады. Сондықтан түлкінің онда пайда болуы - түсініксіз нәрсе.