Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Кешірмеймін!» Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін ұрған Түркия азаматын кешірмейтінін айтты

AstanaTV
22.09.2018ж. 20:00
2630
«Кешірмеймін!»  Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі өзін ұрған Түркия азаматын кешірмейтінін айтты

Алматыда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі таяқ жеген оқиға туралы. Николай Кучманы ұрған Түркия азаматы Әли Демир кепілмен босатылған. Алматы қалалық ішкі істер департаменті хабарлап отыр. Негізі істі жүргізуші тергеуші оны қамауды сұраған, алайда аудандық прокурор кепілмен бостандыққа жіберген. Ал таяқ жеген 61 жастағы Николай Кучма жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқан. Бетінен соққы алған оның миы шайқалған.

 Қыркүйектің 18-де түс әлетінде жедел жәрдем көлігі орталық қалалық клиникалық ауруханаға пациентті алып бара жатады. 103 қызметінің көлігі Мақатаев атындағы көшемен батыс бағытта қозғалған. Желтоқсан және Наурызбай батыр көшелерінің арасында әлгі Әли жедел жәрдем көлігін өткізбейді. Онысымен қоймай, тоқтай қалып, жүргізушіні балағаттап, бетінен ұрады... Жедел жәрдем қызметіндегілерге жұдырық ала жүгіру бұл бір емес. Жұрттың әлгіні «елден аластату керек» деп жатқандары оның тұрып жатқан елде – біздің елде өзін тым еркін сезінуі мен шектен шыққан бетсіздігіне күйінгесін, әрине. Әйтсе де «Ондайлар өзімізде жетеді» дей салу да дұрыс емес. Біздің «ондайлардың» аз еместігін көргесін де өзгелер сөйтеді. Және заңдардың орындалу барысын білгесін де сөйтеді. А

йтпақшы, Николай Кучма «Тенгриньюс» порталына Әли Демирдің кешірімін қабылдамайтынын айтқан. Демир Николай мен елден кешірім сұрап, бейнежазба таратқан.

– Маған ешнәрсе керек емес, адвокатым моральдық шығын мен денсаулығыма келген зардаптың көлемін айтады, сот не шешсе, сол болады, бұл соңғы сөзім, - деген Кучма ақсақал.